Ол ауылдың аты — КӨКТӨБЕ !

1 574

Біз Бірлігі мен Ынтымағы жарасқан тұрғындары бірін бірі БАТЫР , БАУЫРЫМ деп айтатын ауылданбыз , ол ауылдың аты КӨКТӨБЕ !

Міне біздің ауылда халықтың көмегімен асармен істелініп жатқан Компазитор Серік Әденов үйінде жұмыс жүргізіліп жатқанынан хабардарсыздар.

Мен больницаға түсіп қалғандықтан Асар комиссиясының мүшесі Шу Аудандық мәслихат депутаты Ғани Қойбағаров пен Көктөбе ауылының әкімі Майшекеев Марат бауырларымыз Асар комиссиясының құрылысты жүргізу үшін тағайындаған мүшесі Сауриков Мұрат ағаға жолығып жұмыстың мән жайымен танысып , көпшіліктен жиналған қаражатының дұрыс жұмсалып жатқанын көріп өз пікірлерін білдіріп қайтты.

Өз кезегінде құрылысшы бауырларымыз құрылысты тоқтаусыз жүргізіп жатқандығын строй материалдар дер кезінде күттірмей жеткізіліп жатқандығын , строй материалдар уақытылы күндегісі күнде жеткізіліп тұрса жақын күндері бітіп қалатынын айтты.
Дәке сіз алаңдамай еміңізді алып , сауығып шығыңыз , ауыл бәріміздікі біз бармыз ғой қарап қадағалап жетпегенін жеткізіп тұрамыз құрылысқа жауапты қоғамдық кеңестің мүшесі Мұрат аға , Ақсақалдар алқасының төрағасы Бақтыбек аға , әкім Марат аға , Жастар кеңесінің төрағасы Шыңғыс бар мен бар деп депутат Ғани інім айтқанда риза болдым.
Еее бірлігіміз жарасқан нағыз түпәй түпәәәй ауыл екенбіз ғой деп қуандым .

Бәрі айналып келгенде қаражатқа тірелетіні баршаңызға аян. Ауыл тұрғындары мен Аудан көлемінде одан қала берсе республика көлеміндегі достарымызбен таныстарымыз қол ұшын созып көмекке деп қаржы қосып жатқандығын атап өткім келеді . Алла разы болсын баршаларыңызға жанашыр жақындар. Көп түкірсе көл деген , Теңіз тамшыдан құралады демекші көпшіліктің арқасында бітуге таяу қалған дүние. Шаңырақтарыңызға шаттық ,отбасыларыңызға байлық , керегелеріңізге ұйымшылдық , уықтарыңызға бақ ұя салып түндіктеріңізбен үзіктеріңіз Бірлік пен Ынтымақтан құралсын деп тілеймін.

Данко Барон

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.