Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

75

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық оқушылардың Қырымға сапары туралы пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, министрлік сәйкес бұйрықсыз балалардың шетелге шығуына тыйым салуды жоспарлап отыр.

«Балалардың бәрі аман-есен оралды. Ата-аналарының қолына табысталды. Мұғалімге сәйкес жаза берілді», – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол лагерьге балалар ата-анасының бастамасымен барғандығын айтты.

«Министрліктің бұйрығынсыз және балаларды қорғау комитетінің рұқсатынсыз оқушыларды шетелге шығаруға тыйым салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Ғани Бейсембаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.