Оқушылардың олимпиадаға уақытылы қатысуы қамтамасыз етілуде

278

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 13-18 ақпан күндері аралығында 2022-2023 оқу жылының 9-11 сынып оқушылары арасындағы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IІІ (облыстық) кезеңі  Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының базасында өтуде.

Жыл сайын Республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында 4 кезеңде өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу.

Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада                    «El Umiti цифрлық онлайн платформасы»  ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілуде.

Олимпиада тапсырмалары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының интернет ресурсы арқылы бір уақытта ұсынылды.

Тапсырмаларды орындау аяқталғаннан кейін әрбір қатысушының сканерленген жұмыстары  Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасының ресми  сайтына орналастырылады.

Сайтқа орналастыру жұмысы аяқталғаннан кейін қатысушылардың жұмыстары шифрланып, қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге жіберіледі.

Тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және олимпиаданың нәтижелері көрсетілген хаттамалар  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасының сайттарына жарияланатын болады.

Олимпиада бекітілген кестеге сәйкес І, ІІ турлар бойынша а.ж                   13-14 ақпан күндері жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден (физика, математика, химия, информатика,биология, география),                  16-17 ақпан күндері  қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері) бойынша өтеді.

  • 15 ақпан күні жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша аппеляция жұмыстары қаралады.

Жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша апелляцияға өтініштер 15.02.2023 ж 14:00-20:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) қабылданады.

  • 18 ақпан күні қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша

аппеляция жұмыстары қаралады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша апелляцияға өтініштер 18.02.2023 ж. 14:00-20:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша)  қабылданады.

Облыстық олимпиадаға барлығы 708 оқушы қатысуда, оның ішінде:

  • 9 сынып – 258 оқушы (170 қазақ тілінде, 88 орыс тілінде);
  • 10 сынып – 235 оқушы (145 қазақ тілінде, 90 орыс тілінде);
  • 11 сынып – 215 оқушы (120 қазақ тілінде, 95 орыс тілінде).

Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында өткізу барысын мүдделі емес «үшінші тұлғалар» («Adaldyg alany» жобалық кеңесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар немесе ЖОО оқушылары) шақырылды.

Олимпиадаға қатысатын шалғай аудандардың 196 оқушысы                                  12 ақпаннан  бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жамбыл жоғары политехникалық колледжіне орналастырылып, оқушылардың олимпиадаға уақытылы қатысуы қамтамасыз етілуде.

Қосымша олимпиаданың өтілу кестесі.

 Ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Байланыс телефоны: 8 778 637 99 80, 8 776 388 22 02

Leave A Reply

Your email address will not be published.