Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлөмінің бастығы, әділет капитаны Айгүл Мурзакасымова Тараз қаласының жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беріп, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Айгүл Хусейнқызы жоғары сынып оқушыларына Шырақбек Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясында жоғары білім алудың талаптары мен артықшылықтары жөнінде айтты. Мәселен, академияда оқу кезінде әскери саптық оқу-жаттығудың дағдылары қатар жүретіндіктен, оқу орнын аяқтаған түлек әскерге шақыртылмайды. Сонымен қатар, академияда білім алған жылдар кейін еңбек өтілі болып есептелінеді, ал қызметке тұрғаннан кейін қызметкердің пәтері болмаса ай сайын пәтарақы төленіп, ерте зейнеткерлікке шығу мүмкіндіктері қарастырылады.
Үгіт-насихат жұмыстарынан кейін оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берген А. Мурзакасымова ҚР ІІМ Қостанай академиясында жоғары білім алудың талаптары мен артықшылықтары туралы оқуға түсуге арналған толық ақпараты бар бүктемелерді таратты.