Облыстық кеңесте білім саласындағы құқықбұзушылықтар қаралды

572

Жамбыл облысы әкімдігінің мәжіліс залында облыстағы білім саласында орын алған құқық бұзушылықтар туралы кеңес өтті. Алдымен сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ә.Әшірбаев нақты атқарылған жұмысты тізіп берді.

«2019 жылы 18 қылмыстық іс тіркелді (189-бабымен, яғни жымқыру – 9 іс, 190-бабымен, яғни алаяқтық дерегі бойынша 2, 366-бабымен, яғни пара алу дерегі бойынша – 4 іс, 369-бабымен, яғни қызметтік жалғандық жасау дерегімен – 3 іс).
Олардың ішінен, 14 іс сотқа жолданып, 26 тұлғаға айып тағылды, қазіргі уақытта 8 тұлға сотталды.
Білім саласындағы жасалған құқық бұзушылық бойынша салыстырмалы талдау жасасақ, қылмыстар едәуір өскен, оның ішінде мемлекеттік қаражатты жымқыру деректері жиілеп кетті.» дейді, департамент басшысы.

Аталған қылмыс деректерге сәйкес, жиын соңында бірқатар ұсыныстар айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.