Облыс орталығында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

239

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешенінде апта сайынғы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне өтті. Оған Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген. Жәрмеңкеде жалпы құны 23,5 млн. теңгені құрайтын 38,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 10,7 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 3,2 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,0 тонна макарон өнімдері, 0,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 14,1 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар. Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.