Облыс мектептері мен балабақшалары бейнебақылау камераларымен жабдықталған

634

Жасөспірімдердің денсаулығы  мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінде бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары  өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.

Бүгінгі күні облыстағы 446 мектептің 428-і (96%), 377 балабақшаның 376-ы (99,7%) бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Облыс бойынша бейнебақылау камералары орнатылған 428 мектепте 5000  дана камера бар. Олардың 33% мектеп сыртында, 67% ішінде орналасқан.

Ал, бейнебақылау камералары орнатылған 376 балабақшада 2768 дана камера бар. Олардың 29,8% сыртында, 70,2% ішінде орналасқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.