Облыс әкімі ветеринарларға 50 қызметтік автокөліктің кілтін табыстады

31
Байзақ ауданы Қосақ ауылында өткен шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері және республиканың басқа өңірлерінен келген ветеринарлар қатысты.
2025 жылы ветеринария саласын дамытуға 4,6 млрд теңге (2024 жылы – 4,2 млрд. теңге) бөлінді.
Салада 1 055 маман еңбек етеді десек, соңғы екі жылда жұмысшылардың жалақысы 30 пайызға өсті.
Кейінгі 3 жылда 17 биотермиялық шұңқыр салынып, үшеуі жөндеуден өтті.
Ветеринарлар 160 дана термосөмкемен қамтамасыз етілді. Енді маусымдық қызметтік киім сатып алу көзделіп отыр.
Биыл бірыңғай жаңа типтік үлгідегі 40 ветеринариялық пункттің құрылысын жүргізу жоспарланған, оның 20-сы демеушілер есебінен салынуда.
Жалпы, тозығы жеткен пункт ғимараттарының мәселесі 2025-2026 жылдары аралығында толық шешімін таппақ.
– «Медицина адамды, ветеринария адамзатты емдейді» деген нақыл сөз ешқашан өзектілігін жойған емес. Мемлекет басшысы малдың жұқпалы ауруларына қатысты ахуалды, оның ішінде екпе егу мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырған болатын. Себебі мал шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері мен оның экспорттық әлеуеті ветеринария саласына тікелей байланысты.
Жаңа қызметтік автокөліктер – сапалы қызмет көрсетудің негізі мен кепілі, – деген Ербол Қарашөкеев эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан сала мамандарына алғыс білдірді.
Салтанатты шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин құттықтау сөз сөйледі.
Бірқатар азамат өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқаны үшін «Құрмет» ордені, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен, сондай-ақ Құрмет грамотасымен салтанатты түрде марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.