Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселесі бойынша кеңес өтті.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өткен болатын. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керекпіз.
Аймақ басшысы өз сөзінде осыған айрықша назар аудартып, мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу бағытында түрлі жобалық тәсілдер енгізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі тәуелсіз зерттеулер нәтижесі бойынша Жамбыл өңірінің жемқорлық көрсеткіші жақсы еместігіне көңіл бөліп, алдын алу, тәуекелдерін жою жұмыстарын күшейту керектігін баса айтты.
Сарысу ауданы әкімдігі