Облыс әкімі инвесторлармен кездесті

87

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «JVictor New Energy» компаниясының бас директоры Цень Цзяуэймен кездесті.

Кездесуде Цень Цзяуэй кремний өндірісіне қатысты жобасымен таныстырды. Ол Шу ауданындағы арнайы экономикалық аймақта екі балқыту пешін орнатуды бастағандарын, электр энергиясы тапшылығына қатысты мәселе шешілсе, мұндай пештердің санын арттыруға ниетті екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, көмірмен жұмыс істейтін электр энергиясын өндіретін станция салу бойынша жоспарларымен де бөлісті.

Ол үшін компанияға кен орнын игеру мен тиісті аумақ қажет.

Аймақ басшысы жергілікті билік инвесторларды қолдауға дайын екендігін атап өтіп, ұсынылған жобаның маңыздылығы мен тиімділігін жан-жақты зерделеу бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Бұл күні аймақ басшысы «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС бас директоры Александр Ефименко, «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС бас директоры Асхат Құндызбаевпен кездесіп, гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша инвестициялық жобасына инфрақұрылым тартуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.