Нұсқаманы орындамағаны үшін айыппұл салынды

484

 Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  462-бабы 3-бөлігімен (ӘҚБтК-нің 162 және 227-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау) жасалған құқық бұзушылық бойынша Тараз қаласында қызмет ететін ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, ЖШС-мен уәкілетті органмен 29.11.2017 жылы берілген нұсқамасының талаптары орындалмаған. Мұнда, ғимараттың басты кіреберістегі басқа орынға көшіру жолдарындағы төбені жанғыш материалдармен қаптағаны,  аталған бұзушылықтардың жойылмауы, өрт кезінде ЖШС қызметкерлерінің өміріне нақты қатер төндіреріндігі атап өтілді.

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде қызметін тоқтатпай 841750 (сегіз жүз қырық бір мың жеті жүз елу) теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.