Қала аумағында жол құрылысы жұмыстары қызу жүруде. Бүгінде «Қант» зауыты аумағындағы Нұрпейісов көшесіне асфальт жабындысы төселіп жатыр.
Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жол ұзындығы – 500 метр, ал жолдың жалпы ені – 3,5-5 метр аралығында.
Асфальт жабындысының қалыңдығы – 6 см.
Құрылыс жұмысын техникалық қадағалаушы – «АКГЕМ-СТРОЙ» ЖШС. Мердігер мекеме – «KATSA» ЖШС-і.
Тараз қаласының әкімдігі