«Nur Otan»: Кең жолақты интернетті пайдаланушылар үлесі 25 пайызға ұлғаяды

572

«Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Арман Еділбаев Тараз қаласына іргелес жатқан Шөлдала тұрғын алқабының тұрғындарымен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Кандидат шөлдалалықтарды  «Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның ықпалымен халықтықң тұрмысын жақсарту бағытында атқарылатын жұмыстардың ауқымына назар аударды.

– «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына сай автобус паркінің техникалық жаңартылуын 90 пайызға жеткізуге ниетті. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін партия жыл сайын кемінде 50 автобус сатып алуға ықпал етеді. Сонымен қатар қаладағы әлеуметтік бағыттарға бюджеттен субсидия бөлуге, қоғамдық көліктерде электрондық билеттер жүйесіне толық көшіруге күш салады.

133 елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желісі орнатылып, интернетке қолжетімділік артады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай жылдам кең жолақты интернетті пайдаланушылар үлесі 25 пайызға дейін ұлғаймақ, — деді үміткер.

Бағдарламаға сай білім саласы да тың серпінмен дамуға бет алады.  «Nur Otan» партиясының қолдауымен алдағы 5 жылда өңірде 13 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ үш ауысымды 9 мектептің және апатты жағдайдағы 2 мектептің құрылысы жанданады. 77 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұған қоса Тараз қаласы мен ауылдарда орналасқан 125 оқу орнының маңындағы көшелер жарықтандырылады, – деді кандидат.

Кездесуде тұрғындар өңірде «Nur Otan» партиясының көп жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етіп, көрші-қолаңмен  бірге еліміздің жетекші партиясына дауыс беретіндіктерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.