Нобельдің бейбітшілік сыйлығы табысталды

624

Норвегияның Осло қаласында Нобельдің бейбітшілік сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Биыл бұл аталым бойынша марапат конголық дәрігер Денис Муквеге мен Ирак белсендісі Надя Мурадқа табысталды. Норвегиялық Нобель комитеті Муквеге мен Мурадқа соғыс пен қарулы қақтығыс кезінде зорлықты тоқтатуға атсалысқаны үшін бейбітшілік сыйлығын табыстауды ұйғарған. Дәрігер Муквеге жылдар бойы зорланған әйелдерге көмек көрсетіп келген. Ол тіпті Конгода өз ауруханасының негізін қалады. Осылайша ол әлімжеттік көрсетуді доғаруға үн қосты. Ал 25 жастағы Надя Мурад абайсызда содырлардың қолына түсіп, жәбір көрген. Күңдіктен сытылып шыққан ол зорлық көрген әйелдердің құқығын қорғауға кіріседі. Салтанатты шараға Норвегияның королі мен патшайымы қатысты. Марапаттан бөлек, 1 миллион доллар көлемінде ақшалай сыйлық екеуіне теңдей бөлініп берілді.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.