Непалда ұшақ құлап, 40 адам қаза тапты

158

Непалдың Покхара қаласында ішкі рейс ұшағы апатқа ұшырап, 40 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақ бортында 72 адам: 68 жолаушы және экипаждың төрт мүшесі болған. Бұл – елде кейінгі бес жылға жуық уақытта болған ең ірі апат. Непал азаматтық авиация басқармасының өкілі Джаганнатх Нирула күннің ашық болғанын атап өтті.

«Кеме Сети шатқалынан әуежаймен таңғы сағат 10:50-де (Гринвич уақыты бойынша 05:05) байланысқа шықты», – делінген авиациялық мекеменің мәлімдемесінде. Содан кейін ол апатқа ұшырады.

Yeti Airlines ұшағы құлаған маңда жүздеген құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Полиция өкілі ұшақтың өртеніп жатқанын, құтқарушылардың туристік қала әуежайы жанындағы тау шатқалына әзер жеткенін мәлім етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.