Нельсон Мандела күні аталып өтілді

41

Жыл сайын 18 шілдеде әлем халқы Нельсон Мандела күнін атап өтеді. 2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қарар қабылдап, 18 шілдені «Нельсон Манделаның халықаралық күні» ретінде атап өтуге шешім қабылдаған. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын дүниеге келген саяси қайраткердің қайшылыққа толы ғұмыры, бейбітшілік пен бостандыққа қосқан зор үлесі әлем халықтарына өнеге. Халықаралық атаулы күнге орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері  Нельсон Манделаның өмір жолы жайлы кең көлемде мағлұмат берді.

– Бұл шара бізге айналамыздағы адамдарды қоғамға пайдасы тиетін әрекетке шақыруға, құлақ асуға және әрқайсымыз басқа адамдарға көмек бере алатынымызды түсіндірді. Мандела мырзаның «қоғамның шынайы мінез-құлқы оның балаларына қалай қарауынан көрінеді» деген сөзі болашағымыз болатын жастардың, оның ішінде балалардың мінез-құлқына аса мән берудің маңызы жайлы айтылған. Бұл мекемеге жаза басып, жаңылғанымыз, сол жастайымыздан жақсы мінез-құлықтың қалыптаспағанынан деп те айтуға болады – дейді мекемеде жазасын өтеуші азамат.

Сонымен қатар оның жазаны орындау жүйесін дамытуға қосқан үлесі жайлы сөз қозғап, жазасын өтеушілерге тәртіп бұзбаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, оларды тура жолға түсуге ынталандыру мақсатында шахмат және дойбыдан жарыс ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.