«Нельсон Мандела ережелері» түсіндірілді

44

Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жиын өтті.

Басқосуға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының аға оқытушысы Анара Уалиева қатысты. Кездесу барысында жоғары оқу орнының қызметкері сотталғандарға «Нельсон Мандела ережелері» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сотталғандар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.

Айта кетейік, 1955 жылы БҰҰ-ның қылмыстың алдын алу және құқық бұзушыларға қатысты бірінші Конгресінде сотталушыларға қатысты минималды стандартты ережелер қабылданды. Кейінірек ХХ ғасырдағы ең танымал сотталушының құрметіне ережелер «Нельсон Мандела ережелері» деген атаумен танымал болды. Нельсон Мандела өзінің заңды қызметі үшін өмірінің 27 жылын қамауда өткізгені белгілі.

Осылайша, бас бостандығынан айырылған адамдардың құқықтарын қорғаудың құқықтық негіздерін қалыптастыру бойынша алғашқы қадам жасалды. Нельсон Мандела Ережелерінің негізінде сотталушылардың адами тұлғасының қадір-қасиеті мен құндылығын құрметтеу, азаптауларға және қатыгез қарым-қатынастың басқа да түрлеріне жол бермеу міндеттемесі жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.