Найзағай, шаңды дауыл: 8 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

438

Қазақстанның сегіз облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Қазгидрометтің болжамынша, 10 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғып, найзағай жарқылдайды, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстігінде күн 36 градусқа дейін ысиды. Оралда күндіз найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с жетеді.

10 тамыз түнде Атырау облысының солтүстік, шығыс, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 37 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады. Атырау қаласында 10 тамызда күндіз 36 градус ыстық сақталады.

10 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі сақталады.

Сол күні Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғып, күндіз облыс орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ауданның басым бөлігінде, Қызылордада төтенше өрт шығу қаупі сақталады.

10 тамызда Ақмола облысының оңтүстік, шығысында, орталығының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

10 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с жетеді. 10 тамызда Қарағанды қаласында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17 м/с дейін жетуі ықтимал.

10 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, облыстың оңтүстігі мен батысында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күн күркірейді, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 10 тамызда Павлодар қаласында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күн күркірейді, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының батыс, шығысында, күндіз солтүстік, батыс, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында 10 тамызда күндіз найзағай жарқылдайды. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

10 тамызда Нұр-Сұлтанда қатты жаңбыр жауады. Күндіз найзағай, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы күндіз 15-20 м/с дейін жетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.