Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Найзағаймен бірге жауын жауады.
Елдің шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады.
Республиканың оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күн ашық.
Республика бойынша жел күшейеді.