МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ❗️

48
Жуалыда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жан баспаналы болды.
⚜️Конституция күні қарсаңында Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған аулында мұқтаж жанға «Асарлатып үй салу» жобасы аясында үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.
️Баспана кілтін табыстауға аудан басшылығы, ауыл тұрғындары қатысты. Қоныс тойын тойлаған шаңырақ иесіне басшылық тілектерін жеткізді.
️Жетітөбе ауылдық округінің тұрғыны Дорош Василий Владимирович «Асарлатып үй салу» жобасының шарапатын көрді. Мүмкіндігі шектеулі жанға шаруа қожалық иелері мен кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары күш біріктіріп, 4 бөлмелі баспананы сыйға тартты. Көптің көмегімен күрделі жөндеуден өткен тұрғын үй жылу жүйесімен, ауыз сумен, отынмен қамтылған.
️«Асар жобасы» мұқтаж жандарды баспанамен қамту мәселесін біртіндеп шешіп келе жатқаны қуантады.
Жуалы ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.