Мойынқұм ауданында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді

89

Мойынқұм ауданының орталығы – Мойынқұм ауылында жаңа шағын футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жаңа спорт нысанының құрылысы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ашық конкурс негізінде жүргізілді. Жеңімпаз атанған «Кәусар» ЖК бұл жобаны сапалы түрде жүзеге асырды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Ермек Карентаев арнайы қатысып, ауыл жастарына жылы лебізін білдірді.

Өз кезегінде ауыл ақсақалы Жәлел Мәзбаев көптен күткен қуанышымен бөлісіп, ауыл жастарының спортқа қызығушылығы артып келе жатқанын жеткізді.

– Ауылымызда бүгін заманауи үлгідегі спорт алаңшасы пайдалануға беріліп отыр. Біз өте қуаныштымыз. Балаларымыз жазғы демалысын осы алаңда спортпен айналысып, тиімді өткізетін болды. Жастардың спортқа деген қызығушылығы да артып келеді. Осындай игі бастамалар ауданымызда бола берсін! – деді ауыл қариясы.

Бұл – соңғы жылдары аудан орталығында бой көтерген алтыншы кіші футбол алаңы. Жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында салынған бұл нысан – Мойынқұм ауданының 60 жылдығына орай атқарылып жатқан игі істердің бірі.

Биыл Жамбыл облысында 18 спорт кешенінің құрылысы басталып, 1 нысан күрделі жөндеуден өтуде.

Нәтижесінде, спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 70 пайызға, дене шынықтыру, спортпен шұғылданатын халық үлесі 42 пайызға жетеді.

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.