Аудан халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында бүгін Мойынқұм ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері аудан әкімінің орынбасары, мониторинг топ мүшесінің жетекшісі А.Нәметқұлов, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы,аудан әкімінің спорт бөлімінің басшысы, ауыл әкімі, БАҚ өкілдері бірге Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 маусым күнгі №27 қаулысының орындалуы бойынша аудандағы бірқатар жазғы мейрамханалар мен сауда дүкендерін аралап, індетке қарсы режим талаптарының және жұмыс уақыт режимінің сақталуына, бетперде киюді міндеттеп сондай-ақ санитарлық талаптардың сақталуына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу кезінде режимдік талаптарды сақтамаған 1 кафе иесіне хаттама толтырылды. Алдағы уақытта ауданда зерделеу жұмыстары қарқынды жүргізілетін болады.