«Мөп-мөлдір көздің қарасы» атты жас фотографтардың фото көрмесі өтті

152

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Дарынды және шығармашыл жастарды қолдау және дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы щеңберінде «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы қабырғасында «Мөп-мөлдір көздің қарасы» атты жас фотографтардың фотосуреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрме туралы алдын ала инстаграм әлеуметтік желілері арқылы фото көрме өтетіндігі және фотографтардың суреттері жинақталатындығы жайында алдын ала афишалар жарияланған болатын. Афишалардың нәтижесінде фотографтар өздерінің фотосуреттерін whatsapp әлеуметтік желісі арқылы, ал кей бірі электронды пошта арқылы жолдап жатты. Фото суреттер арнайы мальберттерге ілініп көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қала жастары, волонтерлар және зиялы қауым өкілдері шақырылды. Фото көрменің мақсаты қала аумағындағы жас талантты фотографтардың фотосуреттерін жариялау, жас фотографтарды танымалдылыққа жетелеу және шабыттарын шыңдау.   Көрме соңында үздік фото анықталып, фото авторына ізгі тілектер жазылған алғыс хат табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.