Мейірімді жасақ бастығы

151

Жасақ бастығы-сотталған адамның бас бостандығынан айыру орнындағы ең жақын жанашыры. Жазасын өтеушілердің қоғамға қайтадан қалыпты азамат болып оралуына ең көп еңбек сіңіретін де жасақ бастығы.
Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде 9 жасақ бастығы жұмыс істейді. 14-маусым жасақ бастықтарының кәсіби мерекесіне орай мекеменің тәртіпті, мейірімді, еңбекқор жасақ бастығын атап өткенді жөн көрдік. Ол №59 мекемесінің қызметкері №2жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Байсеитов Аят Қазханұлы, ҚР ІІМ Павлодар заң колледжінің түлегі. Ол- 1989жылы Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген, Ішкі істер органдарында 2017жылдан бері жұмыс істеп келеді. Аят өзінің қарамағындағы әрбір сотталған азаматтың мінез-құлқын, өмір сүру дағдысын, жақсы қасиеттері мен жаман әдеттерін жақсы біледі. Осындай жауапты жұмыстың жүгін арқалап жүргеніне 2 жылдай уақыт болған. Осы уақытта сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалды жақсартып, тәрбие жұмысының сапасын арттыру жолындағы кәсіби шеберлігін шыңдап келеді. Сонымен қатар, мекеменің қоғамдық, мерекелік іс-шараларына да үнемі қатысады.
Осылай өзінің еңбексүйгіштігімен ерекшеленіп, тынымсыз ізденісте жүретін кәсіби маман отбасында да 3 ұл 1 қыздың үлгілі әкесі. Атаулы мерекеге орай, осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасына амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.