МЕРКІ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

101
«Асарлатып үй салу» жобасы аясында Талдыбұлақ ауылында көпбалалы жас отбасыға үй берілді.
Әбдіқұл Нұрболат пен Эльмира Мамбетова 5 баланы өсіріп отырған жас отбасы. Биылғы жылы асарлатып соғылған төрт бөлмелі үйді ауыл ақсақалдары бастаған жергілікті қауымдастық дәл осы отбасыға беруді шешіпті.
✅Тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған үймен қамтылған жас отбасы дән риза. Ауызбіршілік танытып, қолдау көрсеткен ауыл жұртына, демеушілік жасаған барша ағайынға алғыстарын білдіруде.
Үйдің салтанатты ашылу шарасына аудан әкімі Жорабек Баубеков бастаған ауданның зиялы қауым өкілдері қатысып, ауызбіршіліктің жарқын үлгісін танытқан ауыл жұртына алғыстарын білдірсе, баспанаға қолдау көрсеткен азаматтар ауыл әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Баспананың салынуына Талдыбұлақ ауылының барша тұрғыны біркісідей ауызбіршілікпен атсалысқан.
⏳Осылайша, қарапайым азаматтардың қолұшы көмегінен бастап, қалталы кәсіпкерлер мен жомарт жандардың қаржылай қолдауы арқасында халқымыздың асарлатып үй салу ізгі дәстүрі тағы да жаңғырды.
▪️Еске сала кетейік, Меркі ауданында биыл 5 үй мен 2 асхана асарлатып салынса, тағы 1 үй мен 1 асхана жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.