Меркі ауданында демалыс аймағы өртенді

89

Жамбыл облысының Меркі ауданында демалыс базасында тұтанған өрт толығымен өшірілді, деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, жалын 400 шаршы метр аумақты шарпыды.

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен (37 қызметкер және 12 техника) 21 мамыр күні, сағат 00.13-те оттың таралуы тоқтатылып, 01.25-те толығымен жойылды.

Алғашқы бөлімшенің жеткен уақыты – сағат 22.16 (арақашықтық 14 шақырым).

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ», – делінген ТЖД хабарламасында.

Еске салайық, Меркі ауданында, Меркі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан «Тұран» демалыс аймағында от жалындап жатқанын жазған едік. Өрт бір қабатты төрт ағаш ғимаратты (әкімшілік ғимарат, дәмхана және 2 қонақ үй) шарпыды.

https://turkystan.kz/article/223590-merki-audanynda-demalys-aymagy-ortendi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.