“MERKI-2020” жастар марафоны

255

Бүгін Меркі ауданында Абайдың 175 жылдығына орай республикалық жастар марафоны өтті.
Марафонға Алматы, Қызылорда мен Жамбыл облыстарынан және Шымкент қаласының желаяқтары қатысты.

21 шақырымдық марафонды 85-ке жуық қатысушы жүгіріп өтті.

Жүгіретіндердің басым бөлігі кәсіби спортшылар емес, көпшілігі өзінің денсаулығы мен денесін шынықтыру үшін қатысатындар.
Шараның ашылуына жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С. Берікқожа мен Меркі ауданы әкімінің орынбасары М. Қасым сөз сөйледі. Қатысушылар арасында жастар ұйымдарының басшылары да бар.

Республикалық жастар марафоны Меркі жерінде алғаш рет ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.