Мерекемен көпбалалы отбасын құттықтап барды

153
Мерекемен көпбалалы отбасын құттықтап барды
Қыркүйек айының екінші жексенбісі күні аталып өтілетін Отбасы күні қарсаңында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев өрелі ұл, өнегелі қыз өсіріп отырған «Алтын алқа» иегері, Аса ауылының тұрғыны Эльмира Қалқанованы мерекемен арнайы барып құттықтады.
Бүгінде 9 ұл-қызды өсіріп отырған отбасына сый-сияпаттар табыс етіп, ізгі-тілегін жеткізді.
– Отбасы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені.
Отанға деген сүйіспеншілік те отбасынан басталады. Қазақ халқында отбасы институты адам баласына ізгілік, имандылық, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіретін киелі мектеп, ұрпақтар сабақтастығының, дәстүр жалғастығының алтын діңгегі саналған. Бүгін осы бір мерейлі мерекеде сіздерді арнайы құттықтау үшін келіп отырмын. Өсірген ұл-қыздарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер, — деді Ерлан Қыдыралыұлы өз сөзінде.
Өз кезегінде елеп-ескере келген азаматтарға Элмира Серікбайқызы алғысын білдірді.
Сондай-ақ аудан басшысы алдағы уақытта бірқаттар көмектер көрсетілетінін жеткізді.
Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.