Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/
Өнер иесі төрт бөлмелі пәтерді күйеуінің сыйлағанын айтты.
“Миым айналып отыр. Әлішер екеумізге көрші пәтерді сатып алды. Енді ол пәтерде асхана да, ештеңе болмайды. Көбіне менің киімдерім, гардероб болады деп отырмыз. Төрт бөлмелі, 180 шаршы метр. Біздің жеке жатын бөлмеміз де сонда болады. Қазір жөндеу жұмыстарын бастадық. Бәрін өзгертіп, әдемілеп жасап аламыз», – деді әнші.
- «Төртеу туғанымда шаруасы жоқ»: Алтынай Жорабаева күйеуінің жаңа туған сәбиіне қалай қарайтынын айтты
- «Барлығын басынан үйреніп жатырмын»: Алтынай Жорабаева бала күтіміне қатысты кеңес сұрады
Еске салайық, өнер иесі қаңтар айында бесінші қызын дүниеге әкелген еді.
“13 жыл бұрын Көркемімді босанған едім. Әминамен бірінші рет босанған сияқты болып жүрмін. Барлығын басынан бастап үйреніп жатырмын. Негізі мен мүлдем шай ішпейтін адаммын. Дәл қазір сүтті шай ішіп, терлеп отырмын. Жаңадан босанған әйелге сүт болсын деп “қалжа сорпа”, “быламық” беруші еді. Сол быламықты ішсем бе деп отырмын”, – деген еді көпбалалы жұлдызды ана.
Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/
Бұған дейін үлкен қызының Қытай еліне оқуға түскенін жазған едік.
https://stan.kz/tek-menin-gana-zattarim-tyradi-altinay-zhorabaevaga-zho-405275/