Менделеев олимпиадасы: қазақстандық оқушылар 12 медаль жеңіп алды

129
Астанада өткен химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрамасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Күміс медаль иелері:

Әлихан Смет– Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы;

Инсар Имаш – Haileybury Almaty мектебінің 11-сынып оқушысы;

Қола жүлдегерлер:

Бекболат Мамырбеков – Шығыс-Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы;

Шәкір Жақсылық– Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Диас Қоршыбек – мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;

Кирилл Ким – Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы;

Әліби Мұғалім – Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Айбол Оразалин – Алматы қаласының мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы;

Әділжан Молдағұл – Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Абылай Кабдулхадыр – Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы;

Ринат Илюсизов – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған 8-ші мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

Асанәлі Қали – Қостанай облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші отандық жоғары оқу орнынан 17 грант бөлінді.
Айта кетері, химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысты.

https://turkystan.kz/article/222245-mendeleev-olimpiadasy-kazakstandyk-okushylar-12-medal-zhenip-aldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.