МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

59
Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Махпал Досымбекованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Комиссияның күн тәртібінде ҚР Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуы мен қолданылу тәртібі және жүргізілген зерделеу қорытындысы, сондай-ақ, аудан әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Құтжан баяндама жасады. Бөлім басшысы ҚР Мемлекеттік рәміздердің пайдалануы мен қолдануына және зерделеу кезінде анықталған кемшіліктерге тоқталды.
Комиссия төрағасының орынбасары жыл соңына дейін аталған кемшіліктерді толық қалпына келтіру және бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар тапсырмалар берді.

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.