Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.![]()

Жиын барысында Ерлан Дайрабайұлы Мемлекеттік Рәміздердің ұлттық құндылығымыз екендігін айтты: — Мемлекеттік рәміздер – кез келген елдің егемендігі мен біртұтастығын айқындайтын басты нышандарының бірі.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Рәміздерді заңға сәйкес пайдалану және оларға құрметпен қарау – біздің ел алдындағы жауапкершілігіміз. Сол себепті, біз жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында рәміздердің мәні мен маңызын кеңінен насихаттауымыз қажет, — деді.![]()

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша “Жыл басынан бері Мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдануына жүргізілген жұмыстары туралы” аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Яссауий Құрманбекұлы баяндама жасады.![]()

Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудандағы мемлекеттік органдар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындары мемлекеттік рәміздерді заңнамаға сәйкес орналастыруды қамтамасыз ету туралы тиісті тапсырмалар берілді.![]()
