МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫНА АРНАЛДЫ

161

 Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Жиынды ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасы Шәкір Сұлтанхан жүргізіп отырды.
Кездесуге ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті азаматтар қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Батырхан Тоқтағұл  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалымен 2022 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жетілдіру бағытында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Онда биылғы жылы бүгінгі күнге дейін фронт-офистер арқылы 604 162  қызмет көрсетілсе, оның  2361-і электронды негізде көрсетілген. 9 ай ішінде қабылданған құжат саны 818 108, ал электронды негізде қабылданған құжат саны 2571-ді құраған. Яғни, жалпы қабылданған құжат саны 25 % кемісе, электронды қызмет саны 9 пайызға кеміген. Бас тартылған құжат саны 2021 жылдың 9 айында 3 986 құжатты құраса, осы жылы бұл көрсеткіш 2 873 құжатқа тең болып, сапасыз орындалған құжат саны 28% төмендеген.

Бұдан соң «Байзақ ауданында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Заурбековтың баяндамасы тыңдалды. Баяндамашының айтуы бойынша 2022 жылдың 9 айында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен 7084 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.  Оның ішінде электронды түрде – 6400 қызмет (90,3 %), қағаз түрінде– көрсетілмеген, қағаз түрінде (баламалы) – 684 қызмет (9,7%) түрі көрсетілген. Сонымен қатар осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері 14 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауынан болған. Биылғы жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Жалпы 9 ай аралығында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 4. Ол бойынша тиісті мекеме басшыларына айыппұл салынып, ескерту берілген.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан  баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

Арайлым Нарбатырова

Leave A Reply

Your email address will not be published.