МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

26

Мемлекеттік қызмет берушілердің басты міндеттерінің бірі көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау болып табылады.

Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстарды атқару Агенттік және оның аумақтық департаменттерінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы ретте, Департамент тарапынан қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

2024 жылдың өткен кезеңінде бақылау шараларының нәтижесінде Департаментпен 5 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Оның ішінде біреуі «EgovKzBot» платформасына түскен жолданымның негізінде жүзеге асырылды.

Жекелей келгенде, 2-жер қатынастары, 1-сәулет және қала құрылысы, 1-санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және 1-медициналық қызметпен айналысу салаларында.

Мысалы: Департаментке Тараз қаласының тұрғынынан «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуден Тараз қаласы әкімдігі тарапынан негізсіз бас тартылған туралы шағымы қаралды.

Шағымды зерделеу барысында Тараз қаласы әкімдігінің қаулысымен жер пайдаланушының тиісті келісімінсіз жер учаскесінің нысаналы мақсатын «ақылы автотұрақ және автокөліктерге техникалық қызмет көрсету құрылысынан» «үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін» деп өзгертілгендігі белгілі болды.

Департаменттің тарапынан енгізілген ұсынысты қарау нәтижесінде қаулыдағы нысаналы мақсат дұрысталып, қызмет алушыға жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартуға оң шешім шығарылды, яғни азаматтың бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Мемлекет тарапынан қызмет алушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға басымдық берілгендіктен аталған мәселе бұдан әрі де Департаменттің басты назарында болады.

Р.Шарипов

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.