МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР ТАЛАС АУДАНЫНДА

448
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Кенжеахметов Ғали Қуанұлы жұмыс сапарымен ауданымызда болды.
Ғали Қуанұлы жұмыс сапарында «Игілік» мекемесінің орталық қазандығы мен мазут шаруашылығының күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, орталық қазандықтың жылу беру маусымына дайындығымен танысып шықты.
Бүгінгі таңда орталық қазандықтың үш қазандығы ауыстырылуда. Аталған жобаның мердігері «Караганда-Котломаш» ЖШС болып табылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айында басталған мазут шаруашылығын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, жобаның мердігері «Алимжан company» ЖШС.
Орталық қазандық аудан орталығы Қаратау қаласындағы көпқабатты үйлердегі тұрғындарды, әлеуметтік және өзге нысандарды жылумен қамтамасыз етудің маңызды объектілерінің бірі болғандықтан жылыту маусымы кезінде кемшіліктердің орын алмауын ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.