Мемлекет басшысының тапсырмасы мезгілінде орындалуы қажет

57

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін қала және ауылдық елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Қазіргі таңда аталған тапсырманы уақтылы орындау мақсатында облыс көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Өткен жылдың қорытындысында сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен айтқанда, қалаларда 97,5 пайыз, яғни 513,451 мың адам, ал ауылдық 313 елді мекенде 94,9 пайыз, бұл 655,7 мың адамның қамтамасыз етілгенін білдіреді. Ауыз сумен қамтудың ең төмен деңгейі қалаларда, мысалы Шуда 70 пайыз және Таразда 98 пайыз байқалады.

Ауылдарды сумен жабдықтау бойынша қамтамасыз етудің ең жоғарғы деңгейі Сарысуда 99,8 пайыз, Шуда 97,4 пайыз және Байзақ ауданында 97,3 пайыз. Қамтамасыз ету көрсеткіштері төмен қала және аудан әкімдіктеріне басым негізде қаражат бөлінеді, бұл артта қалған аудан көрсеткіштерінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

2023 жылы облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау саласында жалпы 13,6 миллиард теңгеге 54 жобаны іске асыру жұмыстары басталып, жыл қорытындысында 34 нысан пайдалануға берілді. Қалған 20 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болды. Жыл қорытындысында 17,2 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, көрсеткіш 94,9 пайызға, 655,7 мың адамға жеткізілді.

Биыл облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 43 жобаға республикалық және жергілікті бюджеттен 21,7 миллиард теңге қаралыпты. Оған 36 елді мекен мен қалалардағы 5 тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Жыл соңына дейін сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен айтқанда, қалаларда 98,8 пайыз, ауылдық елді мекендерде 98,1 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы іске асыру үшін облыстың әрбір елді мекені ескеріле отырып ауыз сумен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету жоспары жасалып, салалық министрлікпен пысықталған. Әрбір қалалық және ауылдық елді мекендер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы бөлігінде мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, 2024 жылғы республикалық бюджеттің нақтылауына қосымша 17,8 миллиард теңгеге 26 жоба қаржыландыруға ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.