Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

81

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Во Ван Тхыонгты және Вьетнам халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Біз шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген Вьетнам Социалистік Республикасымен арадағы конструктивті серіктестікті жоғары бағалаймыз. Жуырда Ханойда Қазақстан-Вьетнам қатынастарының барлық бағыты бойынша өткен ашық әрі мазмұнды талқылауларымызды ерекше еске аламын», – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, Вьетнам басшысының игі бастамаларына табыс тіледі.

 

https://turkystan.kz/article/232233-memleket-basshysy-vetnam-halkyn-teuelsizdik-kunimen-kuttyktady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.