Мемлекет басшысы Ресей үкіметінің Төрағасы Д.Медведевпен кездесті

494

Кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасында өзара сенімге негізделген және қарқынды дамып келе жатқан ықпалдастықтың стратегиялық сипатын атап өтті.

– Жақында Президент Владимир Путинмен кездестім. Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстар үлгі етуге тұрарлық. Бізге осы қарым-қатынасты сақтау қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Еуразия экономикалық одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы және ТМД сияқты халықаралық ұйымдардың аясында екі елдің өзара ынтымақтастығын нығайту мәселелеріне тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің сауда-экономикалық қарым-қатынастарды және өңіраралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, екі жақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Д.Медведевке ризашылық білдірді.

Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың нәтижесінде Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі артқанын айтты.

– Қазақстан – Ресейдің стратегиялық серіктесі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз ауқымдылығымен және тарихының тереңдігімен ерекшеленеді. Жоғары деңгейде өткізілетін көптеген кездесулер, сондай-ақ үкіметтеріміз бен бизнес қоғамдастықтарымыз арасындағы жақсы қарым-қатынастар – соның дәлелі. Біз жыл бойы түрлі басқосуларда жиі жүздесеміз. Бұл – қуантарлық жәйт. Мұндай қатынастар болмайынша, толыққанды өзара ықпалдастық орнату мүмкін емес, – деді Д.Медведев.

www.akorda.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.