МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

169

Жуырда Жамбыл ауданы прокуроры Марат Естаевтің төрағалығымен және аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының қатысуымен әкімдіктің мәжіліс залында мекемеаралық жиналыс өткізілді.
Жиында өткен және ағымдағы жылы өңірде аудан көлеміндегі қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы: оның ішіндегі пәтер ұрлығы, мал ұрлығы және алаяқтық қылмыстар, жол-көлік оқиғалары профилактикасы мен қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың алдын-алу бойынша құзырлы органдардың атқарған шаралары және олардың тиімділігі кеңінен баяндалды.
Мекемеаралық жиналыстың басты мақсаты – аудан көлеміндегі қылмыстың алдын алу мен құзырлы органдар атқарған шараларының есебін тыңдау.
Аудан прокуратурасының бастамашылығымен 2023 жылға арналған біріккен профилактикалық іс-шаралар жоспары аясында қарастырылған бюджет мәселесі мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудан жолдарында бейне-бақылау камералары, жол белгілерін жаңарту мен орнату мәселесі жан-жақты талқыланып, тиісті басшылардың есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында, бағдарламаның тиімділігіне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар мекемеаралық жиналыстың хаттамасында аталып өтілді.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық пен құқық бұзушылықтың және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу және олардың профилактикасы құзырлы органдар мен мектеп директорларының қатысуымен өткен жиында кеңінен талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстардың біріккен жоспардағы тармақтары қарастырылып, көрсетілген индикаторға қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар мекемеаралық жиналыста кеңінен сөз болды

Leave A Reply

Your email address will not be published.