Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде бас бостандығынан айырылған сотталған азаматтар арасында «Алғыс айта білген адам
алғыс арқалай алады» тақырыбымен айрықша акция ұйымдастырылды.
Мекеменің психолог мамандары — әділет майоры Маржан Сейдуллаева мен әділет лейтенанты Сәуле Әзімханова ұйымдастырған шара көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке — Алғыс айту күнін ерекше атап өтуге бағытталды.
Акция аясында жазасын өтеушілер түзелу жолында барынша қолдау білдіріп, қоғамға қайта бейімделуге барынша жәрдемдесіп жүрген мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс тілектерін айтты.
– Бүгінгі Алғыс айту күніне өткізілген іс-шара өте жақсы өтті. №25 мекеменің басшылығы мен қызметкерлері басымызға түскен қиыншылықта қолдау білдіріп, осындай тәрбиелік іс-шараларды өткізіп, жаза мерзімін жеңілдетеді. Мекеме әкімшілігі біз сияқты жаза басқан азаматтарды тәрбиелеп, қоғамға оң көзқарас қалыптастырып жатыр. Сол үшін бүгінгі іс-шараны ұйымдастырған психолог мамандарға мың алғыс айтамын, – дейді сотталған азамат.