Мекеме қызметкерлері атыс қаруын пайдалану бойынша сынақ тапсырды

558

Елдегі қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ішкі істер органдарының қызметкерлерінен асқан жауапкершілік талап етіледі. Сондықтан қызметкерлердің кәсіби білімі мен біліктілігі сақадай сай болғаны абзал. Бұл ретте, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің алар орны ерекше. Өйткені, депарментке қарасты мекемелердің қызметкерлеріне  қылмыс жасаған адамдарға қатысты заңға сəйкес тиісті жазаларды уақыттында жəне толық көлемде қолдану, дағдарыстар кезінде пайда болған құқық бұзушылық жағдайлардың жолын кесу бойынша өте күрделі жауаптар жүктелген.

Осы орайда, қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру мақсатында атыс даярлығын арттыру жаттығулары өткізіліп отырады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 06.06.2017 жылғы №95 қбпү «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы мазмұнын және ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі №127 қбпү бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес өткізілетін шара Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің атыс даярлығын ұиымдастыру жөніндегі қағидаларды орындау аясында жүргізіледі.

Биылғы кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік атыс қаруы – Макаров тапаншасынан практикалык оқ ату жаттығулары қазан-қараша айларында 5513 әскери бөлімінің полигонында ұйымдастырылады. Оған мекеменің аттестатталған жеке құрамымен атыс жаттығуларын орындауға Макаров тапаншасы және Калашников автоматының мақсаты, жауынгерлік құрылысы және тактика-техникалық сипаттамасы бойынша сынақ тапсырған, атыс және басқа қаруларды қолданудың құқықтық негіздерімен, қаруды пайдаланудың қауіпсіздік шараларымен, атыстың ережелерімен және орындалатын жаттығулардың шарттарымен танысқан, сондай-ақ атыс даярлығының нормативтерін орындаған қызметкерлер қатысады.

Осыған орай Жамбыл облысы ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері Макаров тапаншасының мақсаты, жауынгерлік құрылысы және тактика-техникалық сипаттамасы бойынша сынақ тапсырды. Сынақ қорытынды сы бойынша есеп Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне жіберілді.

Қ.Шоншабаев,

Жамбыл облысы ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің қызметкері, әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.