Мекеме аумағы дезинфекциядан өтті

348

Жамбыл облысында індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында дезинфекциялық режим күшейтілді. Бұл шектеулер түзеу колонияларына да қатысты.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде аумақты өңдеу бойынша санитарлық-дезинфекциялау жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған жұмысты мекемемен келісім шартқа отырған «Байзақ дезинфекция» ЖШС қызметкерлері жүргізді.

Зарарсыздандыру жұмыстарының нәтижесінде мамандар мекеме аумағын вирустың таралуын болдырмау үшін құрамында хлоры бар арнайы сұйықтық құралдармен өңдеуден өткізді. Мекемедегі жатақханалар, асхана, өндірістік объектілер, санитарлық бөлімдер және басқа да аумақтар аптасына екі рет тазалаудан өткізіледі.

М. Төлендиев,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесі

Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.