Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес тұратын аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді.
Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын емхананы таңдау ұсынылады.
Медициналық мекемеге тіркелудің үш жолы бар:
Бірінші тәсіл — емхананың тіркеу бөліміне жүгіну және тіркелу туралы өтініш жазу. Бұл тәсіл жасы бойынша зейнеткерлерге, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, балаларға, оның ішінде шет мемлекеттерде туғандарға, сәбилер үйлерінде тұратындарға, жетімдерге, сотталғандарға, колонияларда өтеушілерге және медреседе оқитындарға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге немесе сенімхат бойынша тіркелуді ресімдеушілерге ғана қолжетімді.
Ол үшін сізге жеке куәлік, төлқұжат немесе тұруға рұқсат қажет. Егер сіз 18 жасқа дейінгі баланы бекіткіңіз келсе, баланың және оның заңды өкілінің — анасының, әкесінің немесе қамқоршысының жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсыну қажет.
Екінші тәсіл — үйден шықпай емханаға тіркелу. http://egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру жеткілікті
бұлүшін:
- — Сайттың басты бетіндегі «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдаңыз;
- — «Медициналық көмек» қосымша бетінде «медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметіне басыңыз;
- — «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
- — Бекітуге сұраныс жіберу үшін жасыл белгіше мен белгіленген барлық элементтерді толтыру қажет;
- — Сұранысты сәтті жібергеннен кейін сіз «сұраным өңделуде» мәртебесін көресіз. Тіркелу туралы жауап Сіздің жеке кабинетіңізге бір жұмыс күні ішінде келеді.
Үшінші тәсіл — @Kenes1414Bot телеграм-бот арқылы :⠀
- Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз⠀
- Телеграм ботты іске қосыңыз, «қызметтер» бөлімін ашыңыз»⠀
- «Денсаулық сақтау» таңдаңыз, «мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу» батырмасын басыңыз»⠀
- Қызмет алушыны көрсетіңіз (өзіңізге / балаға)⠀
- Мекенжайдеректерінрастаңызжәнеемхананытаңдаңыз⠀
- Әріқарай бот тіркелусебебінжәнедәрігердіңдеректерінсұрайды⠀
- Растаукодыненгізіңіз⠀
- Телеграм-бот сіздіңөтінішіңіздіңнөмірінжәнекөрсетілгенқызметтіңмәртебесінкөрсетеді.⠀
Мынадайжағдайлардатіркеуден бас тартаалады:
- Егер пациент қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың анық еместігі анықталса;
- Егер жүгінген адам МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектісі орналасқан ауыл, кент, қала және т.б. шегінен тыс жерде (тұрақты немесе уақытша) тұратыны анықталса. Шекара маңындағы аумақтарда тұратын және басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте емхана таңдауға құқығы бар адамдар ерекше жағдайларды құрайды;
- Егер бір жалпы практика дәрігеріне тіркелген халықтың саны 1700 адамнан асса, учаскелік терапевт – 2 200 адам, учаскелік педиатр – 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 бала, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 бала;
- Егер заңды өкілдікті растайтын құжат болмаса, балалар мен жоғарыда аталған адамдар тіркелген жағдайда.
М.Бостан,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Жамбыл облысы бойынша филиалының Біріңғай байланыс орталығы
бөлімінің маманы