Майқайыңдағы апат: құтқарушылардың жеке заттары табылды

163

Павлодар облысында үлкен шұңқырға құлап кеткен автобусты іздестіру жұмыстары барысында құжаттар және жол-сапар журналы бар құтқарушылардың сөмкесі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылды.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.

Әкімнің сөзінше, «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Автобустың болжамды орналасқан жеріне арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасуда. Осы уақытқа дейін барлығы 200 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды. Бүгін сағат 14.45-те «Майқайың-алтын» АҚ аумағындағы опырылған шұңқырдың түбіне шағын көлемді экскаватор түсірілді. Жұмыстар асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупінің сақталуына байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуде, — деді әкім.

Сонымен қатар ол қазба жұмыстары барысында құтқарушылардың сөмкесі мен мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылғанын атап өтті.

Жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс құжаттатары және жол-сапар журналы бар құтқарушылардың сөмкесі, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылды. Іздестіру жалғасуда. Автобустың болжамды орналасқан жеріне дейінгі топырақты қазып алу міндеті қойылған шағын экскаватордың жұмысы аяқталғаннан кейін мамандар оны жоғары көтеру жұмыстарын бастайды. Біз бұл жұмыстарды бүгін және ертең аяқтаймыз деп үміттенеміз, — деді Байханов.

Павлодар облысы әкімі іздестіру жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп және 2 бірлік дрон жұмылдырылғанын айтты.

Айта кетейік, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданында «Майқайыңзолото» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус алтын қазылған шұңқырға құлап кетті. Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.

 

https://turkystan.kz/article/238925-may-ayy-da-y-apat-t-arushylardy-zheke-zattary-tabyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.