Майдангерлер Жеңіс күніне 1,5 млн теңгеден алады

102

Қарағанды облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 1,5 млн теңгеден төленеді. Бүгінде өңірде 14 ардагер тұрады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біржолғы материалдық көмек соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы тұрғындарға көрсетіледі.

Кәмелетке толмаған кезде концлагерьлердің тұтқыны болған 38 адамға 100 мың теңгеден беріледі. Ленинград блокадасы кезінде жұмыс істеген 11 қарағандылық 60 мың теңгеден алады», – деп хабарлады Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Көмек алушылар арасында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза тапқан 4138 тыл еңбеккері мен 161 жауынгердің жұбайы бар. Оларға 30 мың теңгеден беріледі.

https://turkystan.kz/article/220075-maydangerler-zhenis-kunine-1-5-mln-tengeden-alady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.