Майдангер-Қаламгердің шоқтығы биік шығармаларының көрмесі өтті

71

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз, өнеге өміріңе еліктейміз!» тақырыбында патриоттар кеші өтті.
Кеш «Қаламгердің шоқтығы биік шығармалары» тақырыбында Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қаламгер, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесінен басталды.
Көрмеге жазушы Кемел Тоқаевтың 5 томдық және 2 томдық шығармалар жинағы қойылды. Тұңғыш әңгімелер жинағы 1954 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан «Жұлдызды жорық» деген атаумен жарық көрді.
Жазушының «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма» тағы басқа шығармалары бар. Айта кету керек, Кемел Тоқаев қазақ қаламгерлері арасынан бірінші болып, детектив жанрында қалам сілтеген тұлға.
Шара барысында «Соңғы соққы», «Солдат алысқа кетті» романдары әдебиетіміздің алтын қорына енгені туралы айтылды. Көрмеге зиялы қауым өкілдері, Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті мен қалалық ішкі істер басқармасы, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.