Маусым айында сәбилерге ең жиі қойылған есімдер

54

Қазақстандықтар маусым айында жаңа туған сәбилеріне Әлихан мен Медина есімдерін жиі қойған, деп мәлімдеді Бірінші кредит бюросы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың маусымында ұл балаларға қойылған ең танымал 10 есім мыналар:

  • Әлихан – 298;
  • Алдияр – 262;
  • Әмір – 240;
  • Омар – 233;
  • Алан – 227;
  • Айсұлтан – 208;
  • Мұхаммед – 188;
  • Нұрислам – 182;
  • Хамза – 180;
  • Әли – 171.

Сарапшылар екі жылда көп нәрсе өзгергенін айтады. Алдияр, Әмір және Омар есімдері рейтингте төменнен жоғарыға қарай көтерілді. Ал үздік үштікке енген Нұрислам мен Айсұлтан қазір үздік бестікке де кірмейді.

Әлихан есімі бұрынғыдай көш бастап тұр.

Ал қыздарға ең жиі қойылған 10 есім мыналар:

  • Медина – 551;
  • Айлин – 482;
  • Айша – 452;
  • Асылым – 440;
  • Томирис – 305;
  • Сафия – 284;
  • Раяна – 283;
  • Айым – 266;
  • Әмина – 257;
  • Аяла – 246.

Екі жыл бұрынғыдай, рейтингтің жоғарғы қатарында Медина мен Айлин есімдері, аяқ жағында Айым мен Әмина тұр.

Бірақ рейтингте біраз өзгеріс те бар. Айша есімінің танымалдығы арта түсіп, қазір үздік үштікті тұйықтайды. Ал екі жыл бұрын бұл есім тізімде төртінші орында болды. Томирис есімі бірден оныншы орыннан бесінші орынға көтерілді.

Сонымен қатар Раяна мен Аяла есімдері қыздарға сирек қойыла бастады. Айзере тізімнен мүлде жоғалып кетті. Оның орнына Сафия есімі пайда болды.

Жалпы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келді: 98 мың ұл бала, 91,5 мың қыз бала. Бір жыл ішінде жаңа туған нәрестелер санының төмендеуі 4,3% (8,6 мың), екі жылда 12,3% (26,7 мың) құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.