Мәсімовтың орнына Скляр тағайындалды

141

Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы болып Василий Скляр тағайындалды. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

Ол – Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың інісі.

Василий Скляр Павлодар облысы Полиция департаментін бұған дейін басқарған Нұрлан Мәсімовтің орнына қызметке тағайындалды.

Василий Васильевич Скляр 1983 жылы дүниеге келген.

2006 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірді. Заңгер, құқық магистрі.

Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы; қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл; аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл; Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылғы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласының Полиция басқармасын басқарды.

Арнайы атағы –  полиция полковнигі.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.