Мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде

239
Тараз қаласының әкім Б.Орынбеков 15 м.а. тұрғындарымен кездесті. Басты мәселелер үйлерге жылу беру, жарық қосу жұмыстары.2 апта бұрыңғы кездесуде тұрғындар осы мәселелерге қатысты шағымданған болатын.
Бұл таңда шаһар басшысы 10 қарашаға дейін нақты жұмыстар атқарылып,нәтижесі бойынша кездесу өткізілетіндігін айтып өткен.Бүгінде аталмыш үйлерге жылу тарту, жарық қосу бойынша сыртқы жұмыстар аяқталды. Дегенмен кейбір пәтерлердің иелерінің болмауына орай, қауіпсіздік мәселесіне байланысты жылуды қосу үшін ішкі жұмыстарды толықтай аяқтауға мүмкіндік болмай тұр. Бұл таңда шаһар басшысы тұрғындарға ортақ чаттары арқылы көршілерге хабарландыру таратуды сұрап,аумақтық инспекторге тұрғындармен тығыз жұмыс жасауды тапсырды.
Сонымен қатар аудандағы басты мәселелердің бірі қоғамдық көлік қатынауы мен жолды асфальттау жұмыстары. Мөлтек ауданға қатынайтын №55 ж/е 28 автобус бағыттарына қосалқы 20 бірлік автобус қосылады. Ал асфальт жабындысы бойыншат жұмыстар көктемде яғни, жылу желілерін жаңарту жұмыстарынан кейін басталады деп жоспарлануда.Оған дейін шаһар басшысы негізгі жолдарды грейдермен тегістеуді тапсырды.Жалпы 15 м.а. аумағындағы проблемалық мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.