Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, басын кесіп өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды

48

Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, басын кесіп өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды
 сурет: polisia.kz

Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, басын кесіп өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды, бұл ақпаратты полиция департаменті растады, деп хабарлады inbusiness.kz.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, олар 59 жастағы ер адамды ұрлап, басын кесіп, артынан көміп тастаған деген күдікке ілініп отыр. Белгілі мәліметке сүйенсек, тағы бір күдікті ұстатпай қашып жүр.

«Адам ұрлығы мен өлтіру деректері бойынша 2 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

https://turkystan.kz/article/244011-ma-ystauda-59-zhasta-y-er-adamdy-rlap-basyn-kesip-ltirdi-degen-k-dikpen-2-adam-staldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.